Балабақша туралы мәлімет

1Мектепке дейінгі ұйымның атауыТүркістан облысының білім басқармасының, Ордабасы ауданының білім бөлімінің  «Бүлдіршін» бөбекжай-бақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны   
2Білім беру ұйымының орналасқан жері (заңды мекен-жайы және нақты орналасқан жерінің мекен-жайы)Қазақстан Республикасы,  Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, Қажымұқан ауылдық округі, Темірлан елді мекені, Сейтқасымов көшесі №1  
3Заңды тұлғаның байланыс деректері (телефон, электрондық пошта, webсайт)Тел:8-776-333-30-74;  buldirshin2015@mail.ru сайт:  https://buldirshin-bobek.kz/
4Заңды тұлға өкілінің байланыс деректері (басшының Т.А.Ә лауазымға тағайындау туралы бұйрықтың көшірмесі)МКҚК  «Бүлдіршін»  бөбекжай бақшасының  меңгерушісі :Жүніс Перизат Бегманқызы білімі жоғары , Қазақ қыздар педагогикалық университеті Жалпы еңбек өтілі 35 жыл, педагогикалық өтілі 35 жыл, осы мекемеде 13 жыл, 2023 жылғы 03 тамыз  № К-27 бұйрықпен  тағайындалған.
5Құқық белгілейтін және құрылтайшылық құжаттары (жарғының және заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу не қайта тіркеу туралы анықтаманың/куәліктің көшірмесі қоса беріледі)Заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы анықтамасы Қазақстан Республикасының заңдамасына сәйкес Заңды тұлға мемлекеттік тіркеуден 11.09. 2023жылы өткен.   БИН-100540013029, алғашқы мемлекеттік тіркеу күні 24.05.2010 жыл  Кәсіпорын жарғысы Ордабасы аудандық тіркеу және кадастр бөлімі  2023 жыл. 11қыркүйек Тіркеу № 19-293-106-085
Рұқсат беру құжаттары (білім беру қызметіне лицензия және оған қосымша және (немесе) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы қызметтің басталғаны туралы хабарламаны жіберу туралы талон)Мемлекеттік лицензия  19.01.2024 жыл  Қызметті жүзеге асыруды бастағаны туралы № KZ90RVK00055224 хабарлама Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы қызметтің басталғаны туралы
7Құрылған жылы1975  жыл
8Типтік ғимаратЕкі қабатты типтік
9Топтар саны6 топ
10Балаларды оқыту тіліҚазақ тілі
11Жұмыс аптасының ұзақтығы5 күндік
12Ауысым саныТәрбиешілер:  І ауысым; ІІ ауысым
13МДҰ – ның жобалық әлеуетіБалабақша орны 140 балаға арналған 14.01.2014 жылы  №17-р1-4- санитарлық эпидемиологиялық қорытынды берілген. Құжаттар көшірмесі қоса жолданды.

Балабақша  ғимараты ыңғайластырылған. Балабақша 140 орындық, 6 топ жұмыс жасайды. Әр топ жас ерекшеліктеріне қарай топтастырылған. Балабақша аптасына 5 күндік жұмыс істейді, сағат 8.00-бастап 18.30 сағатқа дейін алты топ жұмыс жасайды

  1. «Балақай» кіші тобы – 20 тәрбиелешуші
  2. «Балақай 2» кіші тобы – 20 тәрбиеленуші
  3. «Балапан» ортаңғы топ – 25 тәрбиеленуші
  4. «Балдырған» аралас топ – 20 тәрбиеленуші
  5. «Балауса» ересек топ – 25 тәрбиеленуші
  6. «Балдәурен» мектепалды топ – 20 тәрбиеленуші

Тәрбиеленушілер мемлекеттік тілде тәрбиеленуде. Балабақшада қабылдау бөлмесі, оқу-тәрбие, ойын бөлмесі, жатын, ыдыс жуатын, асхана, әкімшілік бөлмесі, медицина бөлмесі, оқшаулау бөлмесі, кір жуу бөлмесі, мен қойма бар. Материалдық-техникалық базасы стандартқа сай жабдықталған. Жылу жүйесі пеш арқылы табиғи газбен жылытылады. Су, электр жүйесі орталықтандырылған. Балабақша өрт-дабыл  түймешесінің автоматты хабарлау жүйесінің, оның ішінде ішкі дыбыстық хабарлау жүйесі және бейнебақылау камераларымен жабдықталған. 

Балабақшада медициналық  кабинеті жұмыс жасайды. Медициналық  кабинетте қабылдау бөлмесі, емшара  бөлмесі,  оқшаулау  бөлмесі, санитарлық қағидаларға 12 қосымшаға сәйкес құрал — сайман  жабдықтармен  жабдықталған.   

Балабақша ауласы көгалдандырылған, жеміс ағаштары егілген. Ауладағы ойын  алаңы және топтарға арналған жазғы шатырлар өз дәрежесінде жабдықталған. Жеке топтарға арналған ойын алаңдары, балалар ойнайтын құралдар көлеңкелі қоршау орындығымен гүл алаңқайлары және балалардың денсаулығын нығайтатын, ойын құралдарымен жабдықталған спорт алаңы бар.

Балабақшаның арнайы бөлмелері:

— Меңгеруші бөлмесі;

— Әдістемелік бөлмесі;

— Теледидар – 8 дана;

— Компьютер – 2 дана;

— Ноутбук — 2 дана;

— Принтер-3 дана.                                                                                                              

— Түрлі-түсті принтер – 1 дана

Ата-аналар үшін топта «Денсаулық бұрышы», «Қауіпсіздік ережелері» жылжымалы папкалар безендірілген. Әр топта «Денсаулық»,  «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру негізінде  «Ұлттық бұрыш»,  «Ойыншықтар сөресі», «Кітап бұрышы»,  «Табиғат бұрышы», білім салалары бойынша дамытушы орталықтар жасақталған.