Өз-өзіне қызмет көрсету бұрыштары қызмет алудың тиімді қызметі

Ордабасы ауданы Темірлан елді мекені Қажымұқан ауыл округіне қарасты «Бүлдіршін» бөбекжай балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнында «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары» ашылған. «Egov.kz» «License.kz» электронды веб-порталдары арқылы алатын мемлекеттік қызметтерді Халыққа қызмет көрсету орталығына бармай-ақ, осы ПМК мөлтек ауданы турғындары жақын арада орналасқан «Бүлдіршін» бөбекжай балабақшасынан алуларына болады. Ол үшін электронды-цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) оқу үшін компьютерлерде «card reader» орнатылған. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарынан ешкімнің көмегінсіз санаулы минуттарда жылдам, сапалы алуға болады және қол жетімді.